Бұл шешім Абхазияның Галь ауданының Саберио ауылында болған қайғылы оқиғамен байланысты. Оқиға салдарынан бес бала қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Грузия Үкіметі өрттен қайтыс болған балалардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтады", – делінген ақпаратта. Аза
Премьер-Министр Ираклий Кобахидзе қол қойған Үкіметтің қаулысына сәйкес, аза тұту күніне орай Грузия аумағындағы әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік тулар түсіріледі.
Саберио ауылындағы қайғылы оқиға 5 қаңтарда болды. Үйдегі қария пеш жақпақ болып, абайсыздықта керосин мен бензиннің құтысын шатастырып алған. Осылайша, ағаштан жасалған үй лезде қызыл жалынға оранған. Көршілері тек қарияны құтқара алды, ол қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал, қыршынынан қиылған балалардың ең үлкені сегіз жаста, ал кішкентайы бір жасқа да толмаған. Оларды бүгін, 9 қаңтарда жерлейді.