Халал өнімдеріне арналған қоспаларға қойылатын талаптар бекітілді
Халал өнімдеріне арналған қоспаларға қойылатын талаптар бекітілді
Қазақстанда халал тағам өнімдерін өндіруде тағамдық қоспалар мен кез келген басқа химиялық заттарға қажетті стандарттар мен шарттар бекітілді. Бұл түпкілікті өнімнің шынымен халал және қауіпсіз екендігіне кепілдік береді, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі. «Елімізде кеңінен қолданылатын, бірақ ұлттық стандартта халал тұрғысынан күмәнді деп жазылған тағамдық қоспалардың бірнеше түрі бар. Мысалы, E120 кармині ет пен деликатес өнімдерінде қолданылады және талаптарға сәйкес емес зат болып табылады. Жәндіктерден алынған кармин қоспасы жануарлардан алынатын тағамдық қоспа болып табылады. Мұсылмандардың жеуіне тыйым салынған», - делінген хабарламада. Ұлттық стандарт 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.