️Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 тамыз, 2025
- 515
Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың қарашасында Қостанай облысында күдікті ата-анасымен достық қарым-қатынастағы жасөспірімнің пәтеріне келген. Жәбірленушімен жалғыз қалған кезде, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
- Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, өткен жылы Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды, - делінген бақылаушы органның ақпаратында.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған 15-17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және өмір бойына белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынуы мүмкін.






