бейсенбі, 23 қаңтар, 2025 19:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Халықаралық Әулие-Ата әуежайы" жылына 650 мың жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы

"Халықаралық Әулие-Ата әуежайы" жылына 650 мың жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы
Коллаж: Jambylinfo.kz.
«Әулие-Ата әуежайы» АҚ 2000 жылы ашылған

Осы жылдар аралығында "Халықаралық Әулие-Ата әуежайы" жамбылдықтарға үздіксіз қызмет  көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда әуежай 650 мың жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше,  ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті тарапынан «Алматы-Тараз-Алматы» және «Тараз-Атырау-Тараз» әуе бағыттары субсидияланады. Билет құны Алматыға 16 000 тг., Атырауға 28 000 тг. құрайды. Ал, «Тараз-Астана-Тараз» әуерейсі коммерциялық болып есептеледі.

Айта кетейік, аумағы 6 800 шаршы метр құрайтын жолаушылар терминалы бір мезетте 3 рейс ұшу және қону (сағатына 600 жолаушыға дейін) операцияларын орындап, Әулие-Ата әуежайы жылына 650 мың жолаушыға қызмет жасай алады. 2011 жылдан бері «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ әуежайға 100% иелік етуде. 2015 жылы Әулие-Ата әуежайына қайта жаңарту жүргізіліп, заманауи талаптарға сәйкестендірілді. Бүгінде 250-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

Әуежайдан 2024 жылы 214 928 жолаушы, 68,9 тонна жүк тасымалданып, тұрақты негізде Астана, Алматы және Атырау қалалары бағыттарында әуе рейстері орындайды.

 

 

 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар