Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күнінде Қазақстанда 366 қыз бала дүниеге келді

Бұл күні елімізде жалпы 764 сәби өмір есігін ашты.

8 наурыз мерекесінде еліміздің перзентханаларында акушер-гинекологтар 764 сәбиді аман-есен дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеама жасап.

Ең көп нәресте Түркістан облысында дүниеге келді – 126 сәби. Екінші орында Алматы – 76, одан кейін Шымкент – 71, ал елордада 65 отбасы сәбилі болды.