
Қаралы хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі мәлімдеді
Мәдениет саласының үздігі, Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Маралжан Мырзақұлованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Маралжан Мырзақұлова — өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады», - деп жазған театр әкімшілігі.
Келесі мақала