Жаңалықтар

"Халықтың әлеуметтік тұрмысы дұрыс шешім табатынына сенімдімін!"

"Халықтың әлеуметтік тұрмысы дұрыс шешім табатынына сенімдімін!"

"Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялап, мемлекетті нығайту, азаматтардың құқығын қамтамасыз ету, ел экономикасын дамыту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің маңыздылығын айтты. Жолдау нақты қай салада қандай мәселе бар екенін және оны шешу жолдарын айқындап берді. Жолдаудың басым бағыты экономикаға бағытталған және нәтижесі халықтың жағдайына тікелей оң әсер беретіні анық. Жолдауда айтылған халықтың әлеуметтік тұрмысы, жұмыссыздық мәселесі де дұрыс шешім табатынына сенімдімін. Сонымен қатар, өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етіп, барлық жағынан қолдау көрсету маңыздылығына да тоқталды. Сапалы орта білім алуда әр баланың мызғымас құқығының сақталуына, мұғалімдердің біліктіліктіліктерін арттыру, білім сапасын жақсартуға баса назар аударып, әр азаматты отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болуға шақырды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге, балалар үшін жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы қауіпсіз болуына басымдық берді. Сондай-ақ, баланың психикалық саулығы мен білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін күшейту, буллингке тап болғандарға көмек көрсету бойынша бірқатар іс-шаралар ұсынды. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін ашып көрсетіп, айқын тапсырмалар беруі –жас ұрпақты жарқын болашаққа апаратын нақты шешім деп ойлаймын. Президент Жолдауы аясында алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша ауқымды да маңызды іс-шаралар өткізетініміз де сөзсіз. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне дұрыс бағыт берген Жолдауды мұқият тыңдап, ерекше ықыласпен ой елегінен өткіздім. Мен Жолдауды толығымен қолдаймын!!", - деп қалалық білім бөлімінің бас маманы Қайрат Исаұлы мемлекет басшысының Жолдауы туралы өз ойын ортаға салды.