Жаңалықтар

Харрасмент, зорлық-зомбылық: Еңбек министрлігі жұмыс орнындағы қудалауды қалай жояды

Харрасмент, зорлық-зомбылық: Еңбек министрлігі жұмыс орнындағы қудалауды қалай жояды

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандықтарға электр энергиясын үнемді тұтынуға кеңес берді, деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі. «Елімізде энергия тапшы. Жетпей жатқан қуатты Ресей арқылы келетін энергиядан алып жатырмыз. Электр энергеясын тұтыну әсіресе таңертең және кешке арта түседі. Мереке және ұзақ демалыс күндері тұтыну көлемі айтарлықтай артады. Осы орайда біз электр энергиясын үнемді тұтынуды ұсынып отырмыз. Қажет болмаса жарықты босқа қоспаған жөн», - деді Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Министр келтірген мәліметке сәйкес, биыл жыл қорытындысы бойынша 112,7 млрд кВт көлемінде электр энергиясы өндірілді. Алдағы жылы электр энергиясын өндіруді 114,9 млрд. кВт-ға жеткізу жоспары тұр. Болат Ақшолақов айтқандай, биыл 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленіп, бекітілді. Оның шеңберінде электр энергиясын өндіру және тұтыну болжамы бойынша энергетикалық кешенді дамыту қарастырылған.