бейсенбі, 20 ақпан, 2025 23:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Хасан Қасымбаевқа тағы бір айып тағылды

Хасан Қасымбаевқа тағы бір айып тағылды
коллаж smartnews.kz
Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады,

 "Хуторлықтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевқа тағы бір айып тағылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі уақытта негізгі тергеу шаралары аяқталуға жақын. Жақында іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша мәліметтер әзірге жарияланбайды, - деп жазылған департамент таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, құқық қорғау органдары бұл топқа қатысты жедел тергеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше мүшесін қамауға алған болатын. Қазір Хасан Қасымбаевтың қатысуымен жасалған қылмыстар тергеліп жатыр. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар