дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Хэллоуин» мерекесін тойлауды қолдамаймын – Смайылов

«Хэллоуин» мерекесін тойлауды қолдамаймын – Смайылов
ашық дереккөзі
«Хэллоуин» мерекесін тойлауды қолдамаймын – Смайылов
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Хэллоуин» мерекесін тойлауды қолдамайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Хеллоуин мерекесін Қазақстанда тойламау мәселесі жиі көтеріліп жүр. Үкіметте бұл мәселе қарала ма? Жалпы сіздің осы мерекеге деген көзқарасыңыз қалай?» - деп сұрады үкімет басшысынан журналистердің бірі.
Бұл сұраққа жауап берген Әлихан Смайылов ««Хеллоуин» деген мереке халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне сай келмейді деп ойлаймын» деп жауап берді.
«Бұл мәселе мерекеде емес. Мәселе – жастарға қандай тәрбие береміз? Меніңше, біз рухани құндылықтарды, өзіміздің ұлттық тәрбиемізді жастарға беруіміз керек. Ол үші отбасы, мектепте және жалпы қоғамда жұмыс жүргізілуі тиіс. Өз басым бұл мерекені қолдамаймын», - деді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар