Хиджаб кимесен ескерту жасалады
Хиджаб кимесен ескерту жасалады
Иранда міндетті киім үлгісіне бағынбайтын әйелдерді анықтап, жазалау үшін қоғамдық орындар мен көшелерге камера орнатылып жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, озық технология хиджаб кимеген әйелдің аты-жөнін анықтауға мүмкіндік береді. Алдымен оған ескерту жасалып, кейін мәселе сотқа жіберіледі. Еске салайын, қыркүйекте бұл елде 22 жастағы келіншек орамал тақпағаны үшін ұсталып, полиция бөлімшесінде қайтыс болған еді. Махса Аминидің өлімінен соң басталған ірі шерулер күшпен басылды. Мұнан соң Иранда жаулық тағудан бас тартқан әйелдер саны көбейіп кеткен.