дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 12:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы - Қысқы Азия ойындарының 5 дүркін чемпионы

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы - Қысқы Азия ойындарының 5 дүркін чемпионы
Фото: sport comiteti
Онда "алтын" үшін Қазақстан құрамасы Жапониялықтармен бәсекеге түсіп, 5:0 есебімен жеңді.

  Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан ерлер хоккей құрамасы финалда Жапонияны 5:0 есебімен жеңіп, алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Азия ойындары тарихында бұл біздің хоккейшілеріміздің бесінші жеңісі. Бұған дейін Қазақстан құрамасы кубокты 1996, 1999, 2011 және 2017 жылдары жеңіп алған болатын.

Шайба авторлары Андрей Буяльский, Дмитрий Бреус, Роман Старченко және Кирилл Панюков болды. Роман Старченко мен Кирилл Панюков 9 шайбамен бәсекенің үздік мергендері атанды. Олег Болякиннің жетекшілігіндегі команда барлық матчта жеңіске жетіп, топтық кезеңде Қытай, Жапония, Тайпей мен Оңтүстік Кореяны жеңді, ал ширек және жартылай финалда Қытай командаларын тізе бүктірді. Ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Харбиндегі турнир қазақстандық құрама үшін өте сәтті өтті. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар