Жаңалықтар

Хостелдегі өрт: енді тоғыз қабаттан биік үйлерді жалға беру тәртібі өзгереді

Хостелдегі өрт: енді тоғыз қабаттан биік үйлерді жалға беру тәртібі өзгереді

Алматы қаласындағы 13 адамның өмірін қиған хостелде болған қайғылы оқиға қоғамдық резонанс тудырды. Аталған жағдайға жеке үйлер мен коттедждерді жатақхана етіп қайта жабдықтау үрдісінің өсуі ықпал етіп отыр. Әсіресе бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мұндай фактілердің алдын алу үшін биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар жаппай шоғырланатын нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде министрліктің қатысуын қайтару бойынша норма әзірленгенін айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министр берген ақпаратқа сәйкес, шағымдардың 60 пайызы өрт қауіпсіздігі талаптарын жобалау және құрылыс сатысында бұзылатынын көрсетіп отыр. Мәселен, «STOP Құрылыс» тобы мүшелерінің бір ғана өтінішінде Алматы қаласында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 11 тұрғын үй кешенінің бар екенін көрсетті.