Жаңалықтар

Хромтауда отшашулар салынған жүк көлігі жолда өртеніп кетті

Хромтауда отшашулар салынған жүк көлігі жолда өртеніп кетті

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында отшашулар салынған жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға 21 желтоқсанда сағат 15:05-те Хромтау қаласы Самара-Шымкент тас жолы бойында болған. Жүк көлігі жанып жатқаны туралы 101 қызметіне хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына өртсөндірушілер жіберілді. Оқиға орнына келген кезде фура автокөлігі ішінде газ баллон құтылары, лак-бояу өнімдері, тұрмыстық бұйымдар жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:19-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/97454/