Хромтауда тұрғын үйдің ауласындағы гараждан өрт шықты

ТЖМ құтқарушылары гараждағы өртті сөндірді
Хромтауда тұрғын үйдің ауласындағы гараждан өрт шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Хромтау қ. Берсиев көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында гараждың жануы орын алды. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт 50 ш.м. алаңда тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ,- делінген хабарламада.
Тілсіз жаудың салдарынан гаражда тұрған жеңіл автокөлік өртеніп кетті.
ТЖМ қызметкерлері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұранады.