жұма, 28 наурыз, 2025 0:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ибрагим Магомадов пен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Ибрагим Магомадов пен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитетті мәлімдеді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуандары Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына екі медаль салды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін өткен белдесуде иорданиялық Амро Садені жеңіп, Қазақстанға алғашқы медальді әкелді.

Ал аса ауыр салмақта (130 кг) белдескен Әлімхан Сыздықов финалда Иран балуанына жол беріп, күміс медальға ие болды.

Осылайша, қазақстандық грек-рим күрес шеберлері құрлық додасында ел мерейін үстем етті.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар