Иерусалимде екі жарылыс болды
Сәрсенбі күні Иерусалимде екі жарылыс болып, 14 адам жарақат алды. Екі лаңкестік әрекет нұсқасы тексеріліп жатыр «Иерусалимде екі теракті болды деген күдік бар – бүгін таңертең 07:00-де Гиват-Шауль қиылысында автобус аялдамасында жарылғыш құрылғы іске қосылып, 11 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жарты сағаттан кейін Рамот қиылысындағы автобус аялдамасында тағы бір жарылыс болған. Үш адам жеңіл жарақат алды», - делінген полиция мәлімдемесінде.
Оқиға орнына полиция күші келіп, оқиғаны тексеруге кірісті.
Өз кезегінде Иерусалим мэрінің орынбасары Флёр Хасан-Наум 18 адамның жарақат алғанын айтып, оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






