Игілікте Маралтай Райымбекұлы атындағы саябақ ашылды
- авторИндира Тәліпқызы
- 25 наурыз, 2024
- 3.1k
Игілікті шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов, ақын Маралтай Райымбекұлы, аудан қариялары, ауыл тұрғындары қатысты.
Шарада Маралтай Райымбекұлы сөз сөйлеп, осынау бастамаға қолдау білдірген аудан әкімі Сәкен Мамытовқа, осындай жақсы бастаманың басы-қасында болып, өзінің қолдауын көрсетіп келе жатқан облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібекке, ауыл ақсақалдарына, барлық ат салысқан азаматтарға алғысын айтты.
Игілік ауылындағы саябаққа қонақтардың және ауыл тұрғындарының қатысуымен 1300-ге тарта ағаш көшеттері отырғызылды.
Саябақта елімізге белгілі тұлғалар, сарысулық Қазақстанның Еңбек Ерлері, актер Асанәлі Әшімов пен даңқты сазгер Ілия Жақанов және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің есімдеріне тиесілі ағаш көшеттері бар.
Қайың, арша, шетен, үйеңкі, емен, қарағаш, туя, шығыс биотасы сияқты тал көшеттері отырғызылған ақын Маралтай Райымбекұлының саябағының да аудан жұртшылығына саясын ұсынар күн алыс емес.