Жаңалықтар
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 қаңтар, 2025
- 107
Төлқұжат алғандардың ең үлкені 109 жаста, ең жасына 10 күн толды
2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды.
Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды. Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды.
Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.