Жаңалықтар

ІІМ Астана мен Алматыда сақшылардың тәртібін тексере бастады

ІІМ Астана мен Алматыда сақшылардың тәртібін тексере бастады

ІІМ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін (Integrity Сһеск) енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Мұндай тексерулердің нәтижелері қызмет өткеру және аттестация өткізу кезінде ескерілетін болады. Бұл туралы Polisia.kz жариялады. Ақпарат бойынша, Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасында оның орынбасарлары Алматы және Астана қалалары патрульдік полициясының жеке құрамына нұсқаулық өткізген.

Айта кетейік, тексеріс жүргізудегі негізгі мақсат – құқықбұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.