Жаңалықтар

ІІМ: Елорда тұрғыны синтетикалық есірткі тасымалдау кезінде ұсталды

The final spritzer

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Астрахан тас жолында сауда компанияларының бірінде жұмыс істейтін 27 жастағы елорда тұрғыны басқарған автокөлік тоқтатылды. 

Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан салмағы 1,5 кг синтетикалық а-PVP есірткісі салынған пакет табылып, тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті куратордың нұсқауымен әрекет етіп, есірткіні тасымалдау және жасыру әдісімен таратқан.