Илон Маск Twitter компаниясының жаңа қожайыны атанды
Илон Маск Twitter компаниясының жаңа қожайыны атанды
Ол компанияны 44 миллиард долларға сатып алды. Осыған байланысты әлеуметтік медиа компанияның бұрынғы басшысы Параг Агравал мен қаржы директоры Нед Сегал «Twitter»-дің Нью-Йорктегі кеңсесінен кетті. «Washington Post» газетінің хабарлауынша, Маск әйгілі компанияны өз иелігіне алғаннан кейін оның қызметкерлерінің 75 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр. Айта кетсек, «Twitter»-де 7,5 мыңдай адам жұмыс істейді. Енді солардың саны 2 мыңға дейін азаюы мүмкін.