Иманғали Тасмағамбетовтың туған әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетова қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 қыркүйек, 2024
- 910
Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың туған әпкесі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Тасмағамбетова 74 жасында көз жұмды – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаралы хабарды саясаттанушы Ербол Еділов жариялап, көңіл айтты
“Ауыр қазаға байланысты туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын”, – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Тасмағамбетова Нұрсұлу Нұрғалиқызы 1950 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы Новобогат ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының медицина саласында балалар дәрігері болып бастады. Әр жылдары бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері, Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі қызметтерін атқарды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз