Жаңалықтар

Импорттық снектен улану: Tаңбаланбаған тауарларға кім жауапты?

The final spritzer

Сауда және интеграция министрлігі мұндай өнімдердің қазақстандық дүкендерде қалайша еркін сатылатынын түсіндірді

Ақтөбе облысында мектеп оқушыларының жаппай улану оқиғасынан кейін импорттық снектер сатылымнан алынып, олардың елге әкелінуіне тыйым салу мәселесі қарастырылуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Вице-министр Қайрат Торебаевтың айтуынша, елімізде өнім сапасын бақылау бірнеше ведомствоға бөлінген. Сауда министрлігі сауда орындарының дамуы мен баға мониторингіне жауапты болғанымен, тауардың сапасын тікелей тексермейді. Азық-түлік қауіпсіздігіне Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап береді, ал өнімдердің таңбалануын Қаржы министрлігі қадағалайды.

«Базар ауқымды, өкінішке қарай, кейбір адал емес кәсіпкерлер түрлі тауарларды елге заңсыз жолмен әкеліп, сөрелерде сатады», – деп түсіндірді Торебаев.