Индонезияда 280 жолаушы мінген паром өртеніп кетті
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмысы әлі де жүргізіліп жатыр
Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясы жағалауында шамамен 280 жолаушы мінген паром өртенді. Оқиға 20 шілде күні түскі сағат 13:30 шамасында болған.
The Sun басылымының хабарлауынша, кемінде 5 адам қаза тапқан. Сонымен қатар 150-ге жуық адам құтқарылған.
Қазіргі уақытта жолаушылардың нақты саны мен толық тізімі ресми түрде жарияланған жоқ.