Жаңалықтар

Индонезиядағы су тасқынының салдарынан 200-ге жуық адам қаза тапты

Табиғи апат Солтүстік Суматра, Ачех және Батыс Суматра провинцияларында өткен сенбіде басталған

Индонезиядағы су тасқынының салдарынан 200-ге жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Индонезияда нөсер жаңбыр салдарынан пайда болған су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 198 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Бұған дейін 174 адамның қаза тауып, 79 адамның жоғалғаны белгілі болған. Ал жергілікті биліктің соңғы мәліметі бойынша, Батыс Суматрада тіркелген өлім-жітім 23-тен 47-ге дейін өскен.

Айта кетейік, табиғи апат Солтүстік Суматра, Ачех және Батыс Суматра провинцияларында өткен сенбіде басталып, 20 мыңнан астам тұрғын басқа жерлерге көшірілген болатын.