Жаңалықтар
ІnDrive компаниясының директоры Қазақстан азаматы атанды
- авторjambylinfo.kz
- 2 желтоқсан, 2023
- 296
ІnDrive компаниясының директоры Қазақстан азаматы атанды
Ресейлік танымал кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды.
inDrive компаниясының негізін қалаушы әрі директоры Томский бұл жайлы Alternativa Film Awards халықаралық киносыйлығы салтанатында айтты.
«Мен Қазақстан азаматтығын алдым. Сенім білдіріп, шақырғаны үшін елдің басшылығына алғысымды білдіремін. Ал бүкіл Қазақстан мен халқына inDrive екінші үйі болғаны үшін рахмет.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусинге ерекше алғыс. Ол inDrive компаниясын қорғап, Қазақстанға оны бейімдеуге барынша көмектесті», - дейді ол.
Дереккөз: Ұлыс медиа телеграм парақшасынан
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала