Жаңалықтар

Инсулин қабылдайтын студенттер мен жүкті әйелдерге жеңілдік жасалады

Инсулин қабылдайтын студенттер мен жүкті әйелдерге жеңілдік жасалады

Инсулин қабылдайтын студенттер мен жүкті әйелдерге келер жылдан бастап жеңілдік жасалуы мүмкін. Оларға мемлекет тарапынан инсулин жіберетін құрал-жабдықтар мен дәрілік заттарды тегін беру жайы қарастырылып жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған Ұлттық баспасөз-конференциясында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі айтты. Қазір елімізде 400-ден астам студент қант диабетімен дәрігер есебінде тұр. Мұндай науқастар көмек алу үшін оқу орнының күндізгі оқу түрінде білім алуы керек. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар бір жылда ем-шараларға 700 мың теңге жұмсайды. Жалпы, елімізде 808 мың адамда қант диабеті бар, оның 320 мыңға жуығына нақты диагноз қойылмаған. Науқастардың 5 мыңнан астамы 18 жасқа толмаған бала. Сондай-ақ, шарада дертпен күресудің жолдары мен емдеу протоколы жайында сөз болды. Гүлнар Мақсұтова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы