Жаңалықтар

Интернет-алаяқтықтың түрлері көбейген

Полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында оған қарсы күрес шараларын күшейтуде

Жамбыл облысының полициясы интернет алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері интернет-алаяқтық бойынша жоғары оқу орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
«Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың түрлері өте көп.Алаяқтар сенгіш азаматтардың ақшасын алу үшін алдаудың жаңа тәсілдері мен схемасын ойлап табуда. Аталған іс-шараның мақсаты – мүмкіндігінше көп халықты қамти отырып және әрбір тұрғынға интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары туралы хабардар ету», – деді Жамбыл облысы ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Шохан Альжанов
 Профилактикалық жұмыс барысында полицейлер азаматтарға нұсқамалық брошюралар таратып, қырағылық танытуға шақырды. Қысқаша нұсқаулықта ұсынымдар берілген, бұл ұсынымдар жинақ ақшаңыз бен мүлкіңізді алаяқтардан сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Жамбылдық полицейлер интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді
Полиция қызметкерлері облыстың барлық өңірінде халық арасында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – мүмкіндігінше көп халықты қамти отырып және әрбір тұрғынға интернет-алаяқтық саласында полицейлер әзірлеген алдын алу шаралары туралы хабардар ету болып табылады.
Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың түрлері өте көп тарауда. Алаяқтар сенгіш азаматтардың ақшасын алу үшін алдаудың жаңа тәсілдері мен схемасын ойлап тауып, енгізуде.
Бүгінгі таңда елімізде интернет алаяқтық деректерінің көбеюі ерекше алаңдаушылық туғызады. Полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында оған қарсы күрес шараларын күшейтуде. Алайда осыған қарамастан, алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың саны азаймай отыр.
– Мәселен, алаяқтар облыс тұрғандарына шет мемлекетке тіркелген абоннеттермен, ұялы байланыс операторлары ретінде хабарласып: – SIM картаңыздың мерзімін ұзартқыңыз келеді ме, олай болса, Сізге келген 4 сандық кодты айтыңыз, – дейді. Одан кейін артынша банктің қызметкері ретінде қоңырау шалып, сіз қазір ғана алаяқтарға 4 сандық кодты айтып қойғаныңызды, есеп шотыңызда күдікті операциялар жүріп жатқанын, оны тоқтату немесе алдын алу үшін телефоныңызға “ЭНИДЕСК”, “РУСТДЕКС” және жаңадан шыққан “КЕНГУРУ”, “ПОДДЕРЖКА” қашықтан басқару бағдарламаларын орнатқызады немесе тұрғындардың өздеріне несие рәсімдеткізіп, қаражатын жымқырады. Осыған байланысты, Жамбыл облысының полиция департаменті тұрғындарға өз қаражаттарына аса мұқият болып, бөгде адамдарға жеке мәліметтерін бөліспеуді ескертеді. Банк қызметкерлері жеке шотыңыздың, банктік картаңыздың немесе басқа да жинақтарыңыздың құпия санын, кодын ешқашан сұрамайды. Егер, Сізге қандай да бір күдікті қоңыраулар түссе полицияның 8-7262-99-74-56 нөміріне қоңырау шалу арқылы мән-жайды хабарлап, құқықтық кеңес сұрай аласыз. Жамбыл облысы полиция департаментінің интернет-алаяқтардан қорғауға арналған “Киберпол” арнайы тобының қызметкерлері міндетті түрде тиісті көмек көрсететін болады. Қызметкерлер, сонымен қатар алаяқтардың құрбаны болған адамдарға қандай әрекеттер жасау керектігін толығымен түсіндіріп, екінші деңгейдегі банктермен байланысуға және шотты бұғаттауға көмектеседі.
2024 жылғы 18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматын интернет байланысы арқылы алдаған «Р» есімді Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Жоғарыда аталған азамат осы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, «Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері» және құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан.
Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар WhatsApp әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.
Аталған факті бойынша 25.04.2024 жылы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған.
Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына қарай өту кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан интернет-алаяқтықтың 301 дерегі тіркелді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов тұрғындарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды.
«Бүгінгі таңда таралу ауқымы криминогендік статистикаға айтарлықтай әсерін тигізіп жатқан IT-қылмыстарына қарсы күреске ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстарға, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша 2021-2022 жылдарға арналған бағдарлама іске асырылуда», – деп атап өтті ол.
Облыста 10 айда интернет-алаяқтықтың 301 дерегі тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 72 пайызға жоғары.
Полиция қызметкерлерімен 44 алаяқ ұсталды, оның 14-і басқа облыстардың тұрғындары. ТМД аумағында біздің азаматтарға қатысты интернет желісі арқылы 82 алаяқтық дерегі жасалған. Көбіне, мұндай фактілер банктік карталар мен шоттардан қаражат ұрлаумен, азаматтардың жеке деректерін алаяқтық жолмен пайдаланумен, тауарларды сату немесе қызметтерді көрсету туралы хабарландырулар берумен, сондай-ақ ақшаны пайдалы бизнеске салу туралы жарнамалармен байланысты орын алады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қоғамдық орындарда, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында профилактикалық бейнероликтерді көрсету арқылы алаяқтардың айла-амалдарынан қорғануға қатысты алдын алу жұмыстарын ұдайы жүргізуде.
Биыл алаяқтық сипаттағы 50-ге жуық хабарландыру мен 115 интернет-ресурс көздері анықталып, бұғатталды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен кибер алаяқтықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар атқарылуда.
«Алаяқтардың барлық веб-ресурстарды қолдана алатынын және нақты компаниялардың сайттарынан ажырату қиындық туғызатын жалған парақшалар жүргізетінін естен шығармаңыздар. Сақ болыңыздар. Бейтаныс адамдарға маңызды жеке мәліметті (жеке деректеріңіз, құпия сөздеріңіз және PIN-кодтар, банк карталарының CVV-кодтары) бермеңіздер», – деп ескертеді Жанат Сүлейменов.