Жаңалықтар
Инвестициялық серпін – жаңа жобалар, жаңа жұмыс орындары
- авторБақытжан Бекболат
- 8 тамыз, 2025
- 418
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды
Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Жыл басынан бері облысқа тартылған инвестиция көлемі 57,5%-ға артып, 245,5 млрд теңгені құрады. 2025 жылға жоспар – 826,4 млрд теңге.
2029 жылға дейінгі инвестициялық портфельде:
• 62 жоба,
• Жалпы құны – 3,5 трлн теңге,
• Жаңадан 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
2025 жылы
• 608,4 млрд теңгеге 30 жоба жүзеге асырылады,
• Бұл арқылы 1363 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жоба бағыттары:
• АӨК: 220,3 млрд тг, 17 жоба, 1397 жұмыс орны;
• Өнеркәсіп: 1,8 трлн тг, 28 жоба, 3915 жұмыс орны;
• Туризм: 14,3 млрд тг, 11 жоба, 178 жұмыс орны.






