iPhone иелері неге жер сілкінісі туралы ескерту алмағаны белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2024
- 486
Қырғыз Республикасы премьер-министрінің орынбасары Әділбек Қасымалиев Алматыда өтіп жатқан “Digital Almaty: Industry X” форумында телефонға келетін ескертулер туралы қызық ақпарат айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, жуырда Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісі кезінде iPhone иелері дабыл ескертуін алмаған.
“Бірақ, Android қолданушыларына жер сілкінісіне дейін бір минут ішінде ондай ескерту келген. Ең керек деген дүниелерді алып, үйден шығу үшін сол бір минуттың өзі жеткілікті болған. Мен өзім iPhone қолданамын, маған ескерту келген жоқ. Анықтай келе, білгеніміз, Apple компаниясы біздің елдерді табиғи апаттар туралы ескерту жіберетін сервистің таралу аймағына қоспаған. Бір қарағанда, жай ғана функция, бірақ адамдардың өмірін құтқара алады”,-дейді Қасымалиев.
Сондықтан, қырғыз шенеунігінің пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақтың елдері Apple, Google, Microsoft сияқты алпауыт компаниялармен келіссөз жүргізуі керек.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз