Иранда хиджаб кимеген әйелдерге білім берілмейді
Иран университеттері хиджаб кимеген әйелдерге білім беруден бас тартпақ. Бұл туралы ISNA агенттігі хабарлады.
Студенттік парызын аяқсыз қалдырмай, хиджаб пен пәктік ережелерін ұстанатын құрметті студенттерге рахмет, - делінген хабарламада.Министрліктің қарамағындағы бүкіл жоғары оқу орындары жабық киім үлгісін кимеген студент қыздарға білім бермейді және әлеуметтік кепілдікке алмайды. Хиджаб - Ислам революциясынан төрт жыл өткен соң, 1983 жылы сәуірде Иран әйелдердері үшін міндетті болды. Бүгінгі таңда хиджаб кию елдегі нәзік мәселенің бірі. Дереккөз: https://baq.kz/iranda-hidzhab-kimegen-ayelderge-bilim-berilmeydi-301188/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз