жексенбі, 24 қараша, 2024 11:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өңірлерде сауда үстемесін төмендету туралы 40 меморандумға қол қойылды

Өңірлерде сауда үстемесін төмендету туралы 40 меморандумға қол қойылды
ашық дереккөзі
Өңірлерде сауда үстемесін төмендету туралы 40 меморандумға қол қойылды
Жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен сауда үстемесін 10%-ға дейін төмендету туралы меморандумдар жасасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сауда комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру аясында селекторлық кеңес өткізді, онда әлеуметтік маңызы бар өнімдерге 10%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау туралы меморандумдар жасасу қажеттілігі туралы мәселе қаралды.
Қазірдің өзінде Шымкент, Алматы қалаларында, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында «Магнум», «Смол», «Анвар», «Астықжан» және т.б. ірі сауда желілерімен 40 меморандум жасалған. Бұл шара Қазақстанның ірі сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. «Біз сауда желілерінің реестрін жасаған болатынбыз, бүгінгі таңда елімізде олардың саны 109-ға жетіп отыр және олардың 1458 филиалы бар. Біз әрбір филиалды білеміз, әкімдіктер меморандумдарға қол қою жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, бүгінде 40 меморандумға қол қойылды, қалғандары келісу сатысында», - деді СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев. Сонымен қатар, Сауда комитеті негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу динамикасының деректерін талдаудың дұрыстығын арттыру үшін қоғамдық бақылауды енгізгенін атап өткен жөн: тұрғындардың ӘМАТ тізбесіне кіретін өнімдерге жоғары бағаға өтініштерін қабылдау үшін call-орталық құрылды. Шағымдар Facebook, Sauda_komiteti және sauda_inform Instagram әлеуметтік желілеріндегі СИМ аккаунттары арқылы да қабылданады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар