Жаңалықтар

Исабеков Дулат Қазақстанның Еңбек Ері атанды

Исабеков Дулат Қазақстанның Еңбек Ері атанды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы Розметов Владимир Фёдорович – «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры» ,- делінген Жарлық мәтінінде .