сенбі, 23 қараша, 2024 15:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Іші толы қан": нағашы атасы зорлаған 3 жасар егіздің анасы жантүршігерлік деректер айтты

"Іші толы қан": нағашы атасы зорлаған 3 жасар егіздің анасы жантүршігерлік деректер айтты
ашық дереккөзі
"Іші толы қан": нағашы атасы зорлаған 3 жасар егіздің анасы жантүршігерлік деректер айтты

Бақанастағы сұмдықтың нүктесін қою үшін қорланған қыздардың анасы Алтынай Шалтабай келді. Қорланған егіздердің анасы Алтынай күдікті дәл осындай зорлықты сіңлісіне де жасаған айтты. Бүгінде өз қыздарының тағдырына жауапкершілікпен қарамаған ана ата-ана құқығынан айырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Мен негізі өзімнің екі қызымды Аслан деген жігітпен көңіл қосып, содан босанғанмын. Өгей әкем – Арслан (күдікті). Ол басында маған көңіл білдірген. Кішкене жүріп сосын мінезі ұнамағаннан кейін одан құтылдым. Артынша ол менің шешеме заңды түрде үйленді. Мен қыздарымды анама қалдырып, мал жақта жүрдім. Кешке ұйықтауға келгенде қызым ыңырсып, мазасызданып ұйықтай алмады", – дейді әйел адам.

 Алтынай қызы жаялыққа бүлдіріп қойды ма деп ойлаған.

"Сөйтсем жаялықтың іші толы қан. Бірден түнгі 5-те жедел жәрдем шақырдым. Сол жерде осындай жағдай болғанын білдік. Анамнан сұрасам "Мен ештеңе білмеймін" деді. Меніңше, ол ештеңе білмейтін деңгейде мас болды. Бұған дейін егіздердің үлкенінде осындай жағдай болған. Ол кезде де білмейміз. Алыс жолға шыққанбыз. Жолда баланың қызуы көтерілді. Жөргегін ашып қарасақ тоқ ішегі мен алдыңғы жағы бірігіп кеткен жыртылып, қансырап. Оның барлығын айтып полиция шақырайық десек, Арсланның шешесі "бүкіл туыстарыңды, отбасыңды жоқ қыламыз" деп қорқытты", – дейді Алтынай.

Оның сөзінше, қызы ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болған.

"Енді оларды өзімнің қамқорлығыма алғым келеді. Осының бәріне себепші анама өлім жазасын берулерін сұраймын. Бұл Арслан осыған дейін 7 жасар сіңліме де осындай әрекет жасаған. Көсеу басып, қанды тоқтатты деген әңгіменің бәрі рас", – дейді 3 жасар егіз қыздардың анасы Алтынай Шалтабай.

Фото: КТК

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар