жексенбі, 6 қазан, 2024 21:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ішкі істер министрлігі ресейлік “Слово пацана” сериалына тексеріс бастады

Ішкі істер министрлігі ресейлік “Слово пацана” сериалына тексеріс бастады
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігі ресейлік “Слово пацана” сериалына тексеріс бастады

Олар мәдениет және ақпарат министрлігіне сериалдың заңсыздығына талдау жасау туралы хат жолдаған.

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті ресейлік сенсациялық "Слово пацана" сериалын тексеруді сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz KYN.KZ сайтына сілтеме жасап. Комитет өкілдерінің айтуынша, олар мәдениет және ақпарат министрлігіне сериалдың заңсыздығына талдау жасауды сұрап хат жолдаған. Егер заңсыз деп танылса Қазақстанда "Слово пацана" сериалына тыйым салынуы мүмкін. "Бізде онлайн-платформаларға мониторинг жүргізетін уәкілетті орган мәдениет және ақпарат министрлігі бар. Ал заңға сәйкес конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге үгіттеу, үгіт-насихат жасау, елдің тұтастығы мен мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни наным-сенімдерді насихаттау, таптық, рулық артықшылық, қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәдениеті, суицид және порнография, есірткі заңсыз мазмұн. Егер министрлік оны заңсыз мазмұн деп тапса, тиісті шара қолданады", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров. Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев заманауи тақырыпта жастарға қызықты сериалдарды зорлық-зомбылықсыз, кісі өлтірусіз, қорлаусыз, суицидсіз түсіруді ұсынды. "Қысқасы, жастарды басқаша тәрбиелеу үшін кейбір фильмдерді зорлық-зомбылықсыз түсіру керек. Осыған орай, теріс мағынадағы телехикаяларды министрдің, барлық аумақтық департаменттердің тапсырмасы бойынша, оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, оқушылар мен студенттер арасында қылмыстық идеология тек не өлімге, не түрмеге апарады деген тақырыпта тиісті дәрістер өткізсе. Себебі мұның соңы жақсылыққа апармайды", - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар