Жаңалықтар

Испандық сарапшылар Қазақстанның батысындағы жерасты суларын зерттеуге атсалысады

The final spritzer

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов испандық Excalibur Smart Mapping компаниясының өкілдерімен кездесіп, жерасты сулары мен пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тараптар биыл Қазақстанның батыс өңірінде жерасты су көздерін картаға түсіру және зерттеу мақсатында аэроэлектромагниттік түсірілім жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, министр жобаға халықаралық қолдау тарту мәселесін көтеріп, Испания үкіметінен грант алу мүмкіндігін қарастырды.

«Бүгінгі таңда екі жақтың сарапшылары бұл мәселені пысықтап жатыр. Жан-жақты аэроэлектромагниттік түсірілім жерасты суларының қоры мен олардың аумағын анықтауға мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.