Жаңалықтар

Испаниядағы су тасқынынан 155 адам қаза тапты

құрбандарды анықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Испаниядағы су тасқынынан 155 адам қаза тапты. Табиғи апат құрбандарын анықтау әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz  NBC News басылымына сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратынша, нөсер салдарынан болған су тасқыны Испанияның шығысы мен оңтүстігінде кемі 155 адамның өмірін қиды. Оған қоса, табиғи апаттың кейбір құрбандары көліктерде қалып қойғаны анықталды. Бұған дейін желіде су тасқынынан зақымданған көліктер бейнеленген суреттер тарап кеткен еді.

Валенсия өңіріндегі апаттық қызмет өкілдері алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандардың саны 155 адамды құрағанын хабарлады.