жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Испанияда жер сілкінісінен кейін жанартау оянды

Испанияда жер сілкінісінен кейін жанартау оянды
ашық дереккөзі
Испанияда жер сілкінісінен кейін жанартау оянды
Испанияның Пальма аралындағы жанартаудан қайтадан лава атқылай бастады. Бұған осыдан 2 күн бұрын болған 4 жарым балдық жер сілкінісі себеп болды Ғалымдар өзен сияқты аққан ыстық сұйықты «нағыз лава цунамиі» деп сипаттады. Осы аптада жанартау аймағынан 300-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Осылайша бір аптада 1200-дей адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, табиғи апат салдарынан қайтыс болған ешкім жоқ. 85 мыңға жуық адам тұратын аралдың экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы мен туризмге тәуелді болатын. Жанартау оянғалы аталған 2 сала шығынға ұшырады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар