Жаңалықтар

"ITII HACKATHON-2023"  БАЙҚАУЫ ӨТТІ

"ITII HACKATHON-2023"  БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Таразда оқушылар мен колледж және ЖОО студенттері арасында бірінші өңірлік "ITII HACKATHON-2023"  байқауы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 350-ге жуық жастардан құралған 80 команда қатысты. TII HACKATHON – стейкхолдерлердің өңірдің дарынды ІТ-мамандарымен бірлесіп экономиканың нақты секторлары үшін IT шешімдерін іздеу мақсатына арналған платформа. Оған еліміздің технологиялар, ІТ технологиялар саласынан 20-ға жуық мамандар: эксперттер, менторлар ретінде тартылды. "ITII HACKATHON-2023" бас демеушілері: «ЦентрКредит Банк»АҚ, Chinese.kz.taraz білім беру орталығы және "AMRE" маркетингтік және жарнамалық бірлестіктер қауымдастығы. width= Байқаудың сырттай этапы 20 күн шамасында өткен. Қатысушыларға әр түрлі бағытта бас демеушілер кейстер ұсынды: мобильдік қосымша әзірлеу, чат-бот жасау, сайт әзірлеу. Оның нәтижесі – дайын ІТ өнім болуы тиіс еді. Жалпы жүлде қоры 1000000 теңгені құрайды.  Мәселен,  ЦентрКредит Банкі тарапынан екінші кейс бойынша жас таланттарға 500 000 теңге қаржылай қолдау көрсетілген. Аталған банктің Жамбыл өңірлік филиалының директоры Бекдауыл Иптилдаев мырзаның айтуынша осы уақытқа дейін ЦентрКредит Банкінің бастамасымен нақ осы байқау  4 рет ұйымдастырылған. width= Сондай-ақ ол: «Қазіргі таңда барлық банк жүйесі  IT саласына  өте үлкен көңіл бөліп жатыр.Мысалы, біздің банк  IT қызметкерлерінің санын жыл сайын көбейтіп келеді.Қазірдің өзінде 700 мыңнан асады. Сондықтан бұл салаға аса назар аудару өте өзекті деп ойлаймын» деді өз сөзінде, өңірлік банк директоры. Байқау нәтижесіне келер болсақ, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы ұсынған «Тараз қаласының мобильдік қосымшасын әзірлеу» №1 Кейсі бойынша  Жуалы ауданы Т.Тастандиев атындағы №11 орта мектебінің 10 сынып оқушыларының «GOLDEN BAJ» командасы  ең үздік деп аталып, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ оқу грантына иеленді. Команданың барлық 3 мүшесі аталған институттың болашақ грант иегерлері атанды. «Банк Центр кредит» АҚ Жамбыл облыстық филиалы ұсынған «Чат-бот әзірлеу»  №2  Кейс бойынша Жамбыл инновациялық жоғары колледж студенттерінен құралған «BCC Chat bot» командаcы  ең үздік болып табылды, олар 500000 теңге жүлдеге ие болды. width= «AMRI» Маркетингтік және жарнамалық бірлестіктер қауымдастығы  ұсынған  «Фрилансерлерге арналған платформа» №3  Кейс бойынша ең үздік команда деп «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің «Besties» командасы жүлделі сыйақы – 250000 теңгенің иегері болды. «Chinese kz» Білім беру орталығы ұсынған «Шетелде оқуға арналған платформа» №4 Кейс бойынша жүлдені – 200000 теңгені  Жамбыл политехникалық жоғары колледждің «Ctrl C» командасы алды.  width= Енді осы форумды біздің өңірде IT қозғалыс мәдениетін дамыту мақсатында жас және талантты IT-мамандарды дайындау үшін жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Аталған іс-шара жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өңірді цифрландыруға зор үлес қосатынына сенімдіміз.