сәрсенбі, 2 қазан, 2024 17:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

IV Азия паралимпиада ойындары 2023 жылы Ханчжоуда өтеді

IV Азия паралимпиада ойындары 2023 жылы Ханчжоуда өтеді
ашық дереккөзі
IV Азия паралимпиада ойындары 2023 жылы Ханчжоуда өтеді
Биылғы күзге жоспарланған Ханчжоу-2022 IV Азия Паралимпиада ойындары 2023 жылдың 22-28 қазаны аралығында Ханчжоу қаласында (Чжэцзян провинциясы, Шығыс Қытай) өтеді. Бұл туралы сәрсенбі күні Азия паралимпиада комитеті (АПК) таратқан хабарламада айтылды. Хабарламада Азия Паралимпиада ойындарының ұзақтығы өзгеріссіз қалатыны және Азия ойындары аяқталғаннан кейін екі аптадан соң өтетіні айтылған. ХІХ Азия ойындары Ханчжоу қаласында 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді. Қытайда Азия Паралимпиада ойындары екінші рет өткелі отыр. 2010 жылы ойындарды Гуанчжоу қабылдаған болатын. Бұған дейін хабарланғандай, мамыр айында ХІХ Азия ойындарын және Азия Паралимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешім қабалданды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар