Жаңалықтар

Іздеу жарияланған ер адамның сүйегі табылды

Іздеу жарияланған ер адамның сүйегі табылды

Петропавл тұрғынының өлі күйінде табылғанын еріктілер айтты. Полиция департаментінің баспасөз қызметі ведомствоның сауалына қыркүйек айында Қызылжар ауданы Вишневки ауылынан төрт шақырымдай жердегі егістік алқапта жергілікті тұрғын шөп шабу кезінде адамның қаңқа қалдықтарын тауып алғаны туралы жауап берген.

Осы уақыт бойы ер адам іздеуде болды. Оны полицейлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар іздестірген.