Іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталды - ІІМ
Олардың 158-і шетелде тұтқындалған.
Президентке Ішкі істер министрі Ержан Сәденов еліміздегі криминогендік жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі байқалады. Қылмыстық құқықбұзушылық – 5,5 мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған.
Жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артқан, соның ішінде ұсақ бұзақылықтың алдын алу 30 пайызға, көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу 48 пайызға көбейген.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.