сәрсенбі, 30 сәуір, 2025 8:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Іздеуде жүрген Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстан шекарасында ұсталды

Іздеуде жүрген Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстан шекарасында ұсталды
ашық дереккөз
Бұған дейін мемлекетаралық іздеу жарияланған Тимур Сәдуақасовты Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған сәтте шекара қызметі құрықтаған.

Оған қатысты Өзбекстан аумағына заңсыз кіру бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында отыр, ал Бас прокуратура оны экстрадициялау үшін қажетті құжаттарды дайындауда.

Садуақасовқа ірі көлемдегі алаяқтық және пара беруге итермелеу айыптары тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, 2023 жылдың шілдесінде ол адвокат Құрманбаев С.Н.-мен бірге қызметтік байланыстарын пайдаланып, бизнес-серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған. Олар 90 миллион теңге көлемінде параның алғашқы бөлігін алғаннан кейін уәделерін орындамай, ақшаны заңсыз иемденіп кеткен.

Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жіберілді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар