Жаңалықтар

Израильдегі қазақстандықтар елге қайтарылады

Израильдегі қазақстандықтар елге қайтарылады

10 қазан күні Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивтен Алматыға эвакуациялық рейс жасауды жоспарлап отыр. Тель-Авивтен ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге белгіленген. Қазіргі уақытта компания Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан рейстің келу және ұшу уақытын келісіп жатыр. Барлық сұрақтар бойынша әуе компанияның help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет, тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).