Жаңалықтар

Израильдің Газаға шабуылына қатысты тың дерек шықты

Израильдің Газаға шабуылына қатысты тың дерек шықты

Израиль қорғаныс күштерінің бас штабының басшысы Герц Ха-Леви Израиль әскері Газа қаласында шабуыл жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы bugin.kz тілшісі The Times of Israel-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, әскерилер нақты барлау мәліметтерін алғаннан кейіншабуылға өткен.  Израиль әуе және теңіз күштері де Газаға соққы беруде. Ха-Левидің айтуынша, жердегі операция басталғаннан бері Газа секторында 18 израильдік сарбаз қаза тапқан. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз кезегінде Израиль күштерінің Газа қаласының шетінен орталық жаққа жақындағанын айтты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскерлері мен танктері 2 қарашада Газа қаласына аттанғанымен, ХАМАС жауынгерлерінің қарсылығына тап болған. Олар Израиль әскеріне минометтерден оқ жаудырған.