Жаңалықтар

Jas Otan жастар қанатының атауы өзгерді

Jas Otan жастар қанатының атауы өзгерді

Amanat партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының атауы өзгерді. Бұл туралы Jas Otan басшысы Нұржан Жетпісбаев мәлімдеді. Бұдан былай Jas Otan жастар қанатының атауы – «Жастар рухы». Ұйымның атауын өзгерту туралы шешім 11 шілдеде Ақмола облысының Зеренді ауылында өткен «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде белгілі болған. Съезд барысында қазақстандық шағын футболшы, мини-футболдан Еуропа чемпионатының үздік бомбардирі Біржан Оразов ұйымға «Жастар рухы» атауын беру туралы ұсыныс жасады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл ұсынысқа қолдау білдірді, Жастар қанатының жаңа атауын съезд делегаттары да бірауыздан қолдады. Съезд шешімімен партияның жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді. Дереккөз: Халық үні сайтынан