Жаңалықтар
ҰҚК 50 миллион теңгенің темекісін шекерадан алып өтпек болған шетел азаматын ұстады
- авторjambylinfo.kz
- 18 мамыр, 2023
- 237
ҰҚК 50 миллион теңгенің темекісін шекерадан алып өтпек болған шетел азаматын ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі 50 миллион теңгенің темекісін алып өтпек болған шетел азаматын ұстады, - деп хабарлайды Жамбыл инфо Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 17 мамырда "Қайрақ" автокөлік өткізу пунктінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаттарынсыз 205 қораптағы темекіні анықтады.
Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 миллион теңгеден асады.
Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала