Жаңалықтар

ҰҚК Қазақстандағы ауқымды қолма-қол ақша желісі туралы хабарлады

ҰҚК Қазақстандағы ауқымды қолма-қол ақша желісі туралы хабарлады

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 миллиард теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500 жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылған болып шықты", - делінген ведомство сайтында. Іске қатысы бар 20 адам кінәлі деп танылып, әр-түрлі жаза мерзімдеріне сотталды.