Күдебаевтың Түркияға ұшып кеткені расталды
Күдебаевтың Түркияға ұшып кеткені расталды
Қырғызстан тарапының берген ақпараты бойынша, Серік Күдебаев Бішкектегі «Манас» әуежайы арқылы Ыстанбұлға ұшып кеткен. Бул туралы бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты. Қырғызстанда да Күдебаевтың шекараны заңсыз кесіп өтуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Түркияның құқық қорғау органдарымен жұмыс жасалып жатыр.